Алматылық легонның көшбасшысы клубтың жоспарларымен бөлісті

03.10.2018, Оқылғаны: 398
Алматы баскетбол клубының жетекші ойыншыларының бірі Всеволод Фадейкин алдағы маусымнан үмітін жасырмайды. Оның айтуынша, Алматы командасы отандық баскетболдың ең жоғары жүлделері үшін күресетін болады, деп ақпараттық-спорттық ХАБ хабарлайды.

- Ұлттық лигадағы алғашқы ойындар 16 және 17 қазанда атыраулық барыстарымен өтетін болады. Қазіргі уақытта біз осы ойындарға, жалпы тұтастай алдағы маусымға арналған дайындық шараларын өткізіп жатырмыз. Осы маусымда біз алдымызға қойылған міндеттерді - чемпионаттың жүлдегері болу және Қазақстан кубогы үшін күресетін боламыз деп сенеміз. Әр кездесуде біз өзімізге жоғары мақсаттар қойып, Алматы баскетболына бұрынғы даңқын қайтаруымыз керек, - дейді Всеволод Фадейкин.

Өткен маусымда сіздің клубыңыз Жоғарғы лигада бірінші орынға ие болып, Ұлттық лигада өнер көрсету құқығына ие болды. Сіздің ойыңызша, бұл екі турнирдің деңгейлері әр түрлі, оларды салыстыруғп келеді ме?

- Әрине, Ұлттық лиганың деңгейі жоғары, бірақ жоғары лигада да оңай матчатар жоқ. Оң нәтижеге жету үшін әрбір матчта бар күш-жігерімізді жұмсаймыз.Соңғы сәтке дейін Ұлттық лигаға қатысуымыз үлкен сұрақ болды, қаржыландыру жағынан қиындықтар болды. Алматы қаласы әкімдігі мен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының арқасында бұл мәселе оң шешімін тапты. Команда мен барлық жанкүйерлердің атынан алғыс айтқым келеді!

Ұлттық лиганың басталуына дейін көп уақыт қалмады. Жаттықтырушылар маусымның клубты жоғары деңгейдегі ойындарға дұрыс дайындауға үлгере ме?

- Бізде білікті жаттықтырушылар бар, команданың тәжірибелі жігіттері де, болашағы зор жастар да бар. Бұдан басқа, біздің команда жаңа ойыншылармен толықтырылып, біліктілігі мен тәжірибесі шыңдалған ойыншылар келді, бұл жоғары сапалы баскетболға сенім артуға мүмкіндік береді. Әрине, біздің қарсыластарымыз да салауатты амбициялар мен көптеген тәжірибелерге ие, сондықтан бізде қызықты және қарқынды маусым болады. Менің ойымша, алғашқы ойын қандай клубтың қабілетті екенін көрсетеді.

Всеволод, сіз Алматы баскетболының өкілі екендіңізге қарамастан, сіз ұзақ уақыт Түркияда өнер көрсеттіңіз. Өміріңіздің осы кезеңі туралы айтып бере аласыз ба?

- Түркияда ұзақ уақыт тұрдым. 1999 жылы он төрт жасымда Efes Pilsener үшін ойнай бастадым. Клубтан басқа Стамбул колледжінде оқып жүрдім. Жасөспірімдер құрамасында Түркияның 4 дүркін чемпионы болдық, бір рет Түркияның басты чемпионатында жеңіске жеттік. Бірнеше рет маусымның үздік ойыншысы деп танылдым. 1999 жылдан 2005 жылға дейінгі аралықта мен бірнеше рет Түркияның жастар құрамасында болдым, Еуропа мен әлем чемпионаттарында Түркия елінің атынан өнер көрсеттім. Түркияда спортта жақсы жетістіктерге жеттім.

Сондай-ақ, сіздің мансабыңызда Ресей чемпионаты болды, онда сіз екі маусымда Қазан қаласындағы атақты «УНИКС» клубының сапасында өнер көрсеттіңіз...

- УНИКС - ресейлік баскетбол алыптарының бірі және маған осы деңгейде өзімді сынау қызықты болды. Мен көрші елдің чемпионатында ойнап, Қазан клубымен Ресей чемпионатының медальдарын жеңіп алғаныма қуаныштымын. Менің мансабымның шетелдік кезеңі - ойында да, өмірде де үлкен тәжірибе.

«Астана» клубы үшін еліміздің чемпионы атанған болатынсыздар және ВТБ Біріккен Лигасына қатысқандарыңыз туралы айтып берсеңіз.

- «Астана» БК сол кездерде отандық аренада да, шетелде де жақсы нәтиже көрсетті. Егер менің мансабым туралы жалпы айтсам, мен үшін әр маусым ерекеше есімде және үлкен алғыспен еске аламын. Ендігі менің күш-жігерім мен барлық ойым туған қалам мен біздің клубқа бағытталған. Біз  жанкүйерлеріміздің үмітін ақтап,  алдағы маусымды жақсы нәтижелермен аяқтауға тырысуымыз керек.