Қазақстан командалары гандболдан Азия чемпионатын сәтті бастады

03.10.2018, Оқылғаны: 355
Алматыда «Достық» спорт кешенінде әйелдер клубтық командалары арасында гандболдан Азия чемпионаты басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.   
 
Жарыстың ашылу салтанатында құттықтау сөздерімен Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Рүстем Байсеитов, Халықаралық гандбол Федерациясының вице-президенті Бадэр Альтаяд және Қазақстан гандбол Федерациясының президенті Гүлнара Тұрлыханова шығып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.  
 
Жарысқа Қазақстан, Иран, Индия және Өзбекстан елдерінен келген 6 команда қатысуда. Ел намысын бұл чемпионатта Алматы, Астана, Қызылорда қалаларынан келген командалар қорғап жатыр.  
 
Бірінші күннің қортындысы: Kaysar (KAZ) – Larestan (IRI) – 42:25, AGMK (UZB) – Astana (KAZ) – 48:31, Almaty (KAZ) – T. Sports (IND) – 47:12.  
 

- Біз алғашқы ойынымызды қиындықсыз жеңдік десе де болады. Қақпамызға көп гол соқтырмауға тырыстық. Алға қойған мақсатты орындадық. Енді келесі матчқа дайындаламыз. Барлық қарсыластар мықты, - деді «Алматы» командасының ойыншысы Вероника Хардина.  

 
Айта кетер жайт, бұл чемпионат 10-ші қазанға дейін жалғасып, сол күні жеңімпаздар анықталатын болады.  
 
Назараларыңызға жарыс кестесімен уақытын ұсынамыз:
 
4 қазан:
14:00 – AGMK (UZB) – Kaysar (KAZ)
16:00 – Larestan (IRI) – T. Sports (IND)
18:00 – Astana (KAZ) – Almaty (KAZ)
 
6 қазан:
14:00 – T. Sports (IND) – AGMK (UZB)
16:00 – Kaysar (KAZ) – Astana (KAZ)
18:00 – Almaty (KAZ) – Larestan (IRI)
 
7 қазан:
14:00 – Astana (KAZ) – T. Sports (IND)
16:00 – Larestan (IRI) – AGMK (UZB)
18:00 – Kaysar (KAZ) – Almaty (KAZ)
 
9 қазан:
12:00 – Larestan (IRI) – Astana (KAZ)
14:00 – T. Sports (IND) – Kaysar (KAZ)
16:00 – Almaty (KAZ) – AGMK (UZB)