Жас әлем чемпионы Kuz Open-2018 турнирін жеңіп алды

13.10.2018, Оқылғаны: 509
Алматыда грэпплингтен Arlan Grip Selection «Kuz open-2018» халықаралық ашық турнирі басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Бүгін, жарыстың бірінші күні 6-17 жас аралығындағы елімізідің әр өңірлерінен және Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 400-ге жуық кез келген қатысушылар бақтарын сынады. Олар 9 салмақ және 6 жас дәрежелері бойынша сынға түсті.
 
Сондай-ақ, қатысушылардың арасында көптеген xалықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері де болды. Соның бірі қыздар арасында 11-жасар джиу-джитсудан әлем чемпионы Жібек Құлымбетова тағы бір мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.
 

- Турнир өте керемет болды. Маған бәрі ұнады. Қарсыластарым қиын болды, бірақ мен оларды «армбар» әдісімен жеңдім. Дайындығым жақсы болды, енді алдағы жарыстарға да дайындалатын боламын, - деді қыздар арасында 32 келі салмақ дәрежесі бойынша турнирдің жеңімпазы атанған Жібек Құлымбетова.

 
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар және дипломдар табысталды.
 
Жарыс ABB аренасында, AIGA халықаралық әуесқойлар лигасы қауымдастығының ережелеріне сәйкес түрлі салмақ дәрежелері мен жас айырмашылығы бойынша өтті. Ертең, турнирдің екінші күнінде 18-ден жоғары спортшылар өнер көрсетеді. Басталуы сағат 10:30-да.
 

- Біз Arlan Grip Selection турнирі аясында алғашқы рет Алматыда греплингтен AIGA тұжырымы бойынша жарыс өткізіп жатырмыз. Қатысушылардың қызығушылықтары өте жоғары. Бұл әуесқойларға арналған тұжырымда барлығы да жақсы құрастырылған. Әсіресе балаларға қауіпсіздік жағынан. Бұл жерде «Бегинерс» дәрежесіне аса көңіл бөлінген. Себебі 2 жылға жетпей дайындалып жүргендер де тіркеліп қатысуға мүмкіндік алады. Ал ертең, бізде ересектер арасында жарыс өтеді. Олар AIGA бойынша «бегинерс», «интермедиат» және ADCC бойынша «профессионал» дәрежесінде бақтарын сынайды, - деп түсіндірді ұймдастырушыкомитетінің өкілі Мигель Мамырбаев.

 
Турнирдің барлық нәтижелерімен www.arlangrip.kz сайтынан тамашалай аласыздар.