Алматыда Қазақстан полициясының бокстан ФСО «Динамо» орталық кеңес чемпионаты өтеді

15.10.2018, Оқылғаны: 403

Қазанның 16-ы мен 20-ы аралығында Алматыда «Ақ-Бастау» спорт кешенінде (Қарағайлы ауылы, Мақатаев көшесі-23) Қазақстан полициясының бокстан ФСО «Динамо» орталық кеңес чемпионаты өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Бокс додасы AIBA-ның ережесіне сәйкес жекелей бойынша 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында 16 салмақ, ал қыздар арасында 4 салмақ дәрежесі бойынша өткізіледі.

Жарыстың басты мақсаты алыс, жақын елдерінің құқық қорғау органдарымен спорттық және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом және медальдармен марапатталады.