Алматыда атақты функционер Валихан Тенмен шеберлік сабағы өтеді

24.07.2017, Оқылғаны: 470

Шілденің 26-ы  күні, сағат 16:00 -де  «Халық Арена»  спорт кешенінде пауэрлифтингтен Еуропа мен Азия және әлем чемпионы, бодибилдингтен ҚР чемпионы, марафоншы, Ironman (триатлон), фитнес бағдарламаларының жүргізішісі, көптеген кітаптардың авторы, «Алматы марафон» ұйымдастырушысы, World Class Almaty фитнес желілерінің бас директоры Валихан Тенмен шеберлік сабағы болады.

Атақты функционер жас спортшылармен дұрыс тамақтану, спорт жаттығулардың адам өміріндегі маңыздылығы туралы ақпаратпен бөліседі. Шеберлік сабағының қатысушылары Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қалалық күрес федерациясының ұйымдастыруымен биыл іске қосылған тегін күрес сабақтарының палауандары болып табылады.

Айта кететін жайт, мұндай шеберлік сабақтар жиі өтіп тұрады. Осындай мүмкіндікті пайдаланып жеткіншектер еліміздің белді палуандарымен, оның ішінде Олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа біріншіліктерінің және көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздарымен шеберліктерін шыңдайды.

Естеріңізге сала кетсек, «№ 15 Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі»    21 жасқа дейін барлық жеткіншектерді күрестің үш түрлерімен тегін өтетін сабақтарға шақырады. Жаттығулар ең үздік күрес бапкерлерінің басшылығымен өтеді. Олар тәжірибиелі, спортшылардың бірнеше ұрпағын тәрбиелеген.

Алматы қаласы мен қала аймақтарының жастары, сіздерге өздеріңізді жаңа қырлардан танытатын, күрестен жасырын таланттарыңызды көрсететін, олимпиадалық спорттың жекпе-жек түрлерінен жетістіктерге қол жеткізіп, елімізді танытатын керемет мүмкіндік туып отыр!