Алматы баскетболшылары жаңа маусымды жеңіспен бастады

18.10.2018, Оқылғаны: 290
«Достық» спорт кешенінде баскетболдан ерлер арасында Қазақстан чемпионатының Ұлттық лигасының жаңа маусымы басталды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Алаң иелері «Алматылық Легион» БК өзіңін алғашқы ойындарын турнирге жаңадан келген - «АГУ Барсы Атырауға» қарсы өткізіп, екі ойында да жеңіске жетті - 96:62 және 93:73.
 
Бүгінгі кездесудің бірінші кезеңінде қонақтар есеп ашып, кеше өткен ойындағыдай басым түсті. Олар белсенді ойын көрсетіп, жақсы қорғана білді. Ал, қалған үш кезеңде алматылықтар естерін жинап, үйлесімді матч көрсетті. Осылайша олар ойын соңына дейін басымдылық танытып, жеңіске жетті.
 

- БІз бұл маусымға бір ай қалғанда жиналып, дайындалдық. Әлі бабымызға келе алмай жатырмыз. Көптеген жұмыстар күтіп тұр. Биылғы маусымға үлкен мақсат қойып отырмыз. Алдымен жеті команда ішінен үздік төртікке ілініп, плей-оффқа кіруіміз керек. Содан ары қарай дайындалып, медаль үшін таласқа түсеміз, - дейді «Алматылық Легион» БК бас жаттықтырушысы Олег Киселев.

 
Айта кетер жайт, ел чемпионатының биылғы маусымы қазанның 9-ы күні басталды. Енді алматылықтар келесі ойындарын 7-8-ші қараша күндері өз алаңдарында қостанайлық «Тоболға» қарсы өткізеді.
 
Турнир жайлы барлық ақпарат және командалар туралы «Алматылық Легион» клубының сайтынан біле аласыздар - Турнир.