Алматыда 2018 жылғы велошеру маусымының жабылуы өтті

21.10.2018, Оқылғаны: 217
Бүгін, қазанның 21-і күні «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында велошерудің жабылу маусымы өтті. Бұл шара қазақстандық спорт журналисті Галина Полеваяға арналды, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған велошеруге 1000-ға жуық қала тұрғындары мен қала қонақтары қатысты. Дәстүр бойынша велошеру «Нұрлы Тау» бизнес орталығының аумағынан басталып, Тұңғыш Президент саябағында аяқталды.

Велосипедшілердің арасында мәреде барлық қатысушылардың арасында бағалы сыйлықтар мен 10 велосипедтер ойнатылды. Екі дөңгелекті темір тұлпардың жеңімпаздарының бірі - биылғы жылы бірде бір велошеруді жібермеген, тұрақты қатысушы Инна Байдадорова атанды:

- Біз биылғы жылғы барлық велошеруге қатыстық, тіпті Ыстықөлдегі демалысымыздан келіп қатысып жүрдік. Отбасымызбен салауатты өмір салтын ұстанамыз, енді біз коньки тебуге барамыз. Алматы қаласының әкімдігі мен «Спорттық Алматы» бағдарламасына үлкен алғысымды білдіремін. Сондай-ақ қатысушыларға осындай тамаша көңіл-күй үшін алғыс айтамын! Күндеріңіз сәтті өтсін! – деп, 27 жастағы Инна барлық қатысушыларға алғыс білдірді.


Велошеруге Blind Race Astana – Paris веломарафонынан оралған «Спорт без границ»  командасының мүшелері қатысты. Астанадан Парижге 5 мың шақырым қашықтықты жүріп өткен өз қуаныштарын жасыра алмады. Сахнада оларға Алматы қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасынан алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Өз кезегінде олар қалалық әкімдікке алғысын айтып, барлық азаматтарды салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануға шақырды. «Спорт без границ» - бұл қозғалыстың басты мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спортты қолдау және оларды спортқа баулу.
 
Бұл велошеруде атақты спорт журналисті Галина Полевойды қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы өтті. Танымал қазақстандық спорт журналисті Галина Полевая 20 жыл бойы «Хабар» телеарнасында тілші болып қызмет атқарған. Қазіргі таңда Галинаның денсаулығы нашарлап, ол онкологиялық аурумен күресіп жатыр.  Енді Галина қымбат операцияға мұқтаж. Бүгінгі акцияда әркім тілшінің отбасына қолдау көрсетіп, емдеуге қаражат жинау үшін өз үлесін қосуға мүмкіндік алды.

Айта кетер жайт, бұл велошеру «Спорттық Алматы» бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған жоба аясында өткізіледі.