Алматыда әйгілі спортшы Валихан Тенмен шеберлік сабағы өтті

25.07.2017, Оқылғаны: 494

Бүгін «Халық Арена» мұзайдынында World Class Almaty бас директоры, пауэрлифтингтен Азия, Әлем және Еуропа чемпионы Валихан Тенмен шеберлік сабағы өтті. 100-ге жуық қатысушы әйгілі спортшымен кездесуге мүмкіндік алды.

Шеберлік сағаттың бірінші жартысында Валихан Тен дұрыс тамақтану, күн тәртібі туралы әңгіме қозғап, сондай-ақ, жарақатты алдын алу үшін негізгі әдімтерімен бөлісті. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстану үшін спортшы өзін қалай ынталандыра алады деген сұрақтарға тоқталып, тек жарыс алдында ғана емес, әрқашан жаттығу керектігін де айта кетті.

Валихан өз тәжірибиесімен бөліскен соң, қатысушылар негізгі әдістерді үйренуге кірісті. БЖСМ № 15 директоры, бүгінгі шараның ұйымдастырушысы Әсет Мәмбетовтың айтуынша, штанганың өзін дұрыс көтеру қажет.  

- Мен Валихан досымды жас спортшылармен өз білімімен бөлісуге шақырдым. Өзім штанга көтеріп, жарақат алған болатынмын, сондықтан оны да дұрыс көтеруді үйрену керек. Спортшылар әрқашан салмақтарын қадағалап, салауатты өмірін салтына аса көңіл бөлуі қажет.

Жалпы, бүгінгі жас палуандардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді. Айта кетсек, бүгінгі сабаққа күрестен Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысты. Олардың көбісі өз салмақтарын қалпына келтіруде сондықтан, Валиханның шеберлігі мен білімі олардың жаттығуларының тиімділігіне септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар, атап өтетін жайт, ол дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану туралы "Другой Ты" атты кітабын шығарған болатын. Валихан Тен осы мәселелерге қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алады. Біздің қатысушыларымызға пайдалы болады деген сенімдемін, - деп бөлісті Әсет Мәмбетов.

- Біз осындай тегін тренингті алғаш рет ұйымдастырып жатқан жоқпыз, өткен жылы Әсетпен бірлесіп, барлық күрес түрлерінен чемпионат өткізгенбіз. Біз кез келген бұқаралық спортты дамытуға ат салысамыз. Қазіргі таңда, ондай әлеуметтік жобалар көп. Мәселен, біз «Алматы Марафонды» салауатты өмір салтын насихаттау үшін ұйымдастырдық. Бүгін біздің ұжым кәсіпқой фитнес, дұрыс тамақтану туралы жеткіншектерге түсіндіріп, жарыстарға жарақатсыз дайындалу үшін негізгі жаттығуларын көрсетіп, тәжірибиемен бөлістім- деп атап өтті Валиxан Тен.

Соңында, қатысушылар кроссфиттен мастер-тренер Григорий Егазарянмен жаттықты. Григорий атап өткендей, күрес универсалды спорт түрі, онда жылдамдық, күш және төзімділік өте маңызды, ал кроссфит осы бағыттарды дамытуға көмектеседі. Біз көрсеткен жаттығулардың арқасында күресші өз үйлесімді салмағын сақтай алады.

Еске сала кетсек, бұл шеберлік сағаты Әсет Мәмбетовтың қолдауымен өткен болатын. Ұйымдастырушы World Class Almaty фитнес клубымен бірлесіп келешекте түрлі шаралар өткізетінін айтты.