Алматыда әр түрлі дін өкілдері спорттың алты түрінен өзара мықтыны анықтады

24.10.2018, Оқылғаны: 645

Алматыда «Нархоз» университеті стадионында діни бірлестіктер күніне орай спорттың алты түрінен жарыстар өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ xабарлайды.

500-ге жуық әр түрлі діни конфессиясының өкілдері шағын футбол, арқан тарту, қол күрес, гір көтеру, шаxмат және жеңіл атлетикадан өз бақтарын сынады.

Ең қызығы шаxмат спортынан 8-жасар Дамир Әділбеков жеңімпазы атанды. Ол ересектер арасында жалғыз бала болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әр спорт түрінен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл шара «Асыл мұра» бағдарламасы аясында мұсылмандардын мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттау, дін өкілдерінің бірлестіктерін арттыру мақсатында өткізілді.

«Асыл мұра» бағдарламасы қаладағы мешітке келуші жамағат арасында бұқаралық спортты дамытып, оларды салауатты өмір салтына бейімдеу мақсатында жүзеге асырылады.