Almaty Arena мен Halyk Arena спорт кешеніндерінде жаппай сырғанау маусымы жалғасуда

01.11.2018, Оқылғаны: 526
Жақында Almaty Arena және Halyk Arena көпфункционалды кешендерінде жаппай сырғанаудың жаңа маусымы ашылған болатын, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 
Енді, кез келген қала тұрғындары мен қонақтары әр сенбі және жексенбі күндері сағат 11:00-ден 23:00-ге дейін келіп, конькимен сырғанап, демалуға болады. Биылғы жылы бұл жерлерде бұрынғы 4 сеанс 5 сеанс болып өзгертілді.  

Барлық конькилер жаңадан алынған және әртүрлі өлшемде. Арасында балаларға арналған 25-ші өлшемдегі конькиді де табуға болады. Сондай-ақ, тізеқап, шынтаққап және балалардың шлемдерін де жалға ала аласыз.   Жаппай сырғанауға билетті енді онлайн алуға болады. Тек билет сатылатын сайттарға кіріп, сатып алсаңыз болғаны.

Назарларыңызға барлық сеанстардың уақыты мен кіру бағаларын ұсынамыз:   
  • 11:00-ден 13:00-ге дейін. Балалар – 300 теңге, студенттер мен ересектер – 500 теңге. 
  • 13:30-ден 15:30-ға дейін. Балалар – 600 теңге, студенттер – 900 теңге, ересектер – 1100 теңге. 
  • 16:00-ден 18:00-ге дейін. Балалар – 600 теңге, студенттер – 900 теңге, ересектер – 1100 теңге. 
  • 18:30-дан 20:30-ға дейін. Балалар – 600 теңге, студенттер – 900 теңге, ересектер – 1100 теңге. 
  • 21:00-ден 23:00-ге дейін (сенбі күндері), 20:00-ден 22:00-ге дейін (жексенбі күндері). Балалар – 600 теңге, студенттер – 1100 теңге, ересектер – 1600 теңге.   
Айта кетер жайт, конькиді жалға беру бағалары әрқалай, сеанстың уақытына байланысты және кіру бағасымен тең. Белгіленген бағалар – екі сағаттық сеансқа арналған.