Алматыда асық атудан турнир өтті

01.11.2018, Оқылғаны: 428
Алматыда қазан айының 27 - 30 күндері аралығында асық ату спортынан Қазақстан Республикасының федерациясы және ЖШС "Халықтық-ұлттық спорт түрлері және бұқаралық денешынықтыру-сауықтыру клубы" бірлесе отырып бірінші рет асық атудан ересектер арасында Қазақстан Республикасының Кубогын және "Сұрмерген" атты республикалық ашық турнирін өткізді.

Жарысқа келесі командалар қатысты: Астана қаласы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Қостанай облысы, Солтүстік Қазақстан облысы. Сонымен қатар, "Сұрмерген" атты республикалық ашық турнирге Алматы қаласынан "Спорт менің ауламда" атты қалалық бағдарламасының командасы және Алматы көпсалалы колледжінің спортшылары қатысты. 

Алматы қаласының спортшысы Дархан Ахмедалимов "Сұрмерген" атты республикалық ашық турнирінде бірінші орынға ие болып, жеңімпаз атанды. Жарыс жеңімпаздары  арнайы жүлделермен және марапаттау қағаздарымен марапатталды.