Алатау ауданының мектеп мұғалімдері Спартакиада жеңімпаздары атанды

02.11.2018, Оқылғаны: 464
«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Алматы қаласының жалпы білім беретін мектептерінің мұғалімдері арасындағы спартакиаданың қалалық кезеңі өтті, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
 

Жарыс № 200-ші мектеп–гимназиясының спорт залында тоғызқұмалақ, волейбол, арқан тарту, шахмат, гір тасын көтеру спорт түрлерінен өткізіліп, оған қаланың 8 ауданынан келген мұғалімдерден құралған командалар қатысты.
 
Ойындар жеңілдетілген ережелер бойынша биыл ашылған жаңа мектеп қабырғасында өткізілді. Жарыстың салтанатты ашылуында мектеп директоры Айнұр Нұрымқызы қатысушыларға сәттілік тіледі:
 
Салтанатты шара барысында қатысушылар бишілер мен әншілердің өнеріне куә болып, артынша олар жарысты бастап кетті. Тартысты әрі қызықты өткен ойындардын нәтижесінде үздіктер анықталды.
 

- Мен өзім спортпен жиі айналысып тұрамын. Қазір №187-ші мектепте дене шынықтырудан сабақ беремін. Кезінде ауыр атлетикамен айналысқан болатынмын. Соның көмегі бүгін тиіп, гір тасын 65 рет көтердім. Былтыр осы жарыста екінші орын алған болатынмын, - дейді Наурызбай ауданының өкілі Айбек Мырзабек. 

 
Жалпы командалық  есепте бірінші орынға Алатау ауданының оқытушылары ие болды. Ал, екінші және үшінші орындарға Ауезов пен Медеу ауданының командалары жайғасты.
 
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом, медальдар және сыйлықтармен марапатталды. Ал, үздік командалар кубоктарға ие болды.