Жылдың басынан Алматыда ұлттық спорт түрлерінен 700-ден астам жарыстар өтті

08.11.2018, Оқылғаны: 470

Алматыда «Спорт менің ауламда» бағдарламасы аясында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізілді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

Түрксіб ауданының 30-дан астам балалары Майлин-73 көшесіндегі спорттық алаңда асық ату, тымақ ұру, бұқа тартыс, шаңғы, сумо, бестас және т.б. спорттық ойныдардан өз бақтарын сынады. Барлығы көтеріңкі көңіл күйде болып, өз әсерлерімен бөлісті.
 

- Ұйымдастырушыларға рахмет айтамын. Барлығы да керемет болды. Бүгін асық ату және бұқа тартыстан сайысқа түстім. Қызықты болды, - деді қатысушылардың бірі Нұрсұлтан Қадырхан.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер осы ойындардың нәтижесінде диплом және медалдармен марапатталды.

Айта кетер жайт, осы жылдың басынан «Халықтық ұлттық спорт түрлері клубының» ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен 730 жарыс өткізіліп, оған 900-ден астам балалар мен жасөпірімдер қатысты. Жарыстар қаланың әр ауданында өткізілді. Сондай-ақ, апта сайын оларға ұлттық ойындардан шеберлік сабақтар өтеді.

«Халықтық ұлттық спорт түрлері клубы» директоры Нұрғиса Нұрғалиевтің айтуынша барлық жеткіншектер «Спорт менің ауламда» жобасының қатысушылары.
 

- Бұл жобаның маңызы өте зор. Халықтық ойындар мен ұлттық спорт түрлерін қала тұрғындары арасында дамыту қажет, әсіресе балалар арасында. Алматыда жақында асық атудан ашық турнир өтіп, онда біздің бағдарламаның қатысушысы бірінші орын алды. Ал, республикалық ойында ол керемет ойын өткізді. Ол өте қуантады. Оның үстіне барлық ата-аналар осы бағдарламаға өте риза. Оларға да өздерінің балалары қауіпсіз жерде әрі спортпен шұғылданып жүргені маңызды, - дейді клуб директоры.

Қазіргі танда жарыстар Медеу ауданының алаңдарында өткізіліп жатыр. Бұл сайыстар желтоқсан айының басында аяқталады.