Коньки тебуді тегін үйрен

08.11.2018, Оқылғаны: 315

Осы сенбі, қарашаның 10-ы күні «Медеу» мұз айдынында тегін коньки тебуді үйрету сабақтары өтеді, деп ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.

20 арнайы көк киім киген «Спорттық Алматы» бағдарламасының нұсқаушылары барлықтарына 19:00-ден 21:00-ге дейін өз білгендерін үйретеді.

Айта кетер жайт, мұз айдынына кіру ақылы. Кіру билеті мен конькиді жалға алу бағалары «Медеу» мұз айдынының баға көрсеткіші бойынша жүргізіледі. Бағдарлама сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін әр аптаның сенбі күндері осы мұз айдынында өткізіледі.

Сонымен қатар, шара ұйымдастырушылары тек коньки тебуді үйретіп қана қоймай, барлық қонақтарға көңілді бағдарламалар ұсынып, бағалы сыйлықтар ұтып алуға мүмкіндік сыйлайды.