Алматы аулаларында Чемпиондар Лигасы өтіп жатыр

12.11.2018, Оқылғаны: 476
«Спорт менің ауламда» тегін әлеуметтік бағдарламасы аясында, былтырғы жылдан бастап қаланың барлық ауданында балалар арасында «Чемпиондар лигасы» жарысы өткізіліп келеді.
 
7-17 жас аралығындағы бағдарлама қатысушылары өз күшін әр түрлі спорт түрлерінде сынап көре алады: дартс, үстел теннисі, футбол, 60 метрге жүгіру, эстафета, ұзындыққа секіру, воркаут, волейбол, стритбол, скиппинг және бадминтон.
 
Лиганың өзі бірнеше кезеңге бөлінеді: аулаларда, аудан және қала, нәтижесінде қаланың ең спорттық аудандары анықталады.
 
Чемпиондар Лигасының бағдарламасына отбасылық жарыстар да кіреді. Балалар мен олардың ата-аналары үлкен қызығушылық танытып, талпыныстарын көрсетеді, сондай-ақ, бұл отбасылық көңіл-күй көтеруге таптырмас мүмкіндік.
 

- Менің ұлым бір жылдан астам спортпен шұғылданып келеді. Қалада спортты дамытуға бағытталған осындай бағдарламаның бары қуантарлық жағдай. Мен балалық шағымда спортты жақсы көрдім, міне бүгін отбасылық эстафетаға қатысып жатырмыз. Барлығы керемет болды – деп өз қуанышымен ата-аналардың бірі Ерлан Асқаров бөлісті.

 
Жарыстарда ересек ата-аналармен қатар, ең кішкентай қатысушыларды - балаларды кездестіруге болады. Балалар арасында әлемдегі ең танымал ойын - футбол үлкен сұранысқа ие. Олар бұл спорт түрімен күнде шұғылдануға дайын. Бұл туралы жоба нұсқаушылары баяндап берді:
 

- Біз футболды жақсы көреміз. Ел және Еуропа чемпионаттарын қарап, атақты ойыншылардың өнерін тамашалаймыз. Болашақта жақсы футболшы болғымыз келеді. «Спорт менің ауламда» бағдарламасы арқасында жиі футбол ойнаймыз. Біз тіпті жарыстарға қатысып жүрміз, - деп Чемпиондар Лигасының қатысушылары Жәңгір Ерсайын және Төрежан Мырзатай.

 
Айта кетер жайт, Алматы қаласы әкімдігінінің «Спорт менің ауламда» жобасында шамамен 100 білікті жаттықтырушы жұмыспен қамтылған. Олардың барлығы сәрсенбіден жексенбіге дейін күнделікті кестеге сәйкес балалармен сабақ жүргізеді. Кез келген адам кез келген күні инструкторларға тегін жазыла алады.
 
Бүгінгі күні бағдарламаға 19 мыңнан аса қатысушы тіркелген, оның 9 мыңға жуығы сабақтарға күнделікті қатысып отырады.
 
Бүгінгі жарыстардың нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталып, қалалық финалға жолдама алады. Чемпиондар лигасының финалы қарашаның соңына жоспарланған. Нақты өтетін орны кейінірек анықталады. Бұл жоба туралы толығырақ ақпаратты sportvodvor.kz сайтынан таба аласыз.