ФУТЗАЛ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫ

20.11.2018, Оқылғаны: 432
ФУТЗАЛ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ СТУДЕНТТІК ЛИГАНЫҢ ФИНАЛЫ

Орны: Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы
Алматы қаласы, Абай көшесі, 44.
Қатысушылар: 25 жасқа дейінгі ЖОО студенттері

22-29 қараша аралығында Қазақстанның оңтүстік астанасы, Алматы қаласында
футзал бойынша Ұлттық студенттік лиганың финалдық бөлігі өткізіледі.
ҰСЛ-ның мерейтойлық, 5-ші чемпионаты студенттер арасында футзал бойынша
жарыстардың сәтті тарихының жалғасы болады.

Ұлттық студенттік лига өзінің негізгі міндеттерін анықтады:
  •  жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау;
  •  Республиканың ең мықты студенттік командаларын анықтау;
  •  Қазақстанның студенттік құрамасын құру және ұлттық құрамаға резервтегі ойыншыларды құру үшін талантты спортшыларды анықтау.

Оның мақсаты - әлемдік үрдістерге және шетелдік студенттік ұйымдардың
тәжірибесіне сәйкес спорттық іс-шараларды жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастыру,
сондай-ақ Қазақстан жастарын белсенді өмір салтына, спортқа және дене тәрбиесіне
тарту.

Бірнеше жылдан бері ҰСЛ чемпионаты дәстүрге айналды және жыл сайын
университеттер, колледждер мен кәсіби клуб командалары арасында үлкен
танымалдыққа ие болып келеді. Тек өткен жылы ғана жарысқа еліміздің 72 жоғары оқу
орындары қатысты.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша чемпион атанған Каспий университетінің
командасы Испаниядағы футзал бойынша UEFS 22-ші Кубогында Қазақстан атынан
қатысты.

Алматыда 22 қараша сағат 13.00 - де ҰСЛ-ның салтанатты ашылу рәсімі өтеді.
22 қараша 12:00 - пресс-конференция
29 қарашада сағат 14.00-де NSL чемпионатының жабылу салтанаты өтеді.
Сіздерді студенттер спортын дамытуға және халық арасында салауатты өмір
салтын насихаттауға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.


БАҚ аккредитациясы, пресс-центр:
Асем Акжолбаева
+7 747 460 74 57
e-mail: assemnva@gmail.com

Құжаттар

  1. СЦЕНАРИЙ НСЛ.docx (docx, 98.71Кб)
    20.11.2018, 18:36   38