Командалық рухымыз мықты

17.12.2018, Оқылғаны: 120

"Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында өткен қалалық жарыстың мектептік кезеңінде қала аудандарындағы сегіз мектептен бес-бес командадан бақ сынады

Балалар шағын футбол, баскетбол, арқан тартудан шеберлік байқасты. Ал жастары ең кішілері асық атудан сайысқа түсті. Бұл жайында HUB  ақпараттық-спорттық орталығы хабарлайды. 

Жарысқа қатысушыларды "Қайрат" ФК-ның бұқаралық футболды дамыту бөлімінің менеджері Виктор Катков құттықтап, оларға сəттілік тіледі. "Бəлкім, бүгін жарыс жолына шыққандар арасынан келешекте мықты спортшылар шығар. Əр бала физикалық тұрғыдан жақсы дамып, өз елінің патриоты болуға тиіс. Ал егер ол спортты таңдаса, халықаралық аренада мемлекеттің намысын қорғайды. Соған олар бала кезінен даяр болуға тиіс" дейді ол.


Дене шынықтыру сабақтарында футбол мен баскетболды ерекше құштарлықпен ойнайтын балалар спорт залында өздерін еркін сезінді. Арқан тартқан жас өрендер өздерінің командалық рухтарын көтеру үшін айғайға басып, бір-бірін жігерлендірді. Командада жұмыс істеу, əріптестердің бір-бірін қолдауы, əлсізге көмектесу - осы қасиеттер спорттық сайыстарда шындалады.

Жарыстың командалық есебінде Жетісу ауданының өрендері жеңіске жетсе, Түркісіб пен Медеу ауданының өкілдері екінші жəне үшінші орындарды олжалады