«Алматы легионы» ел чемпионына есе жіберді

20.12.2018, Оқылғаны: 277
 

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде баскетболдан ерлер арасындағы XXVII Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Ұлттық лигадағы матчтар сериясының соңғы ойынын «Алматы легионы» өз алаңында «Астана» клубына қарсы өткізеді.

Алғашқы кездесу қарсаңында жергілікті команданың бас бапкері Олег Киселев осы бәсекеде олар жеңіске жету үшін барын салатынан айтты

– Биылғы маусым нағыз қызған шағына жетті. Қазір біз жарыс кестесінде үшінші орында келеміз. Енді біз тағы бір саты жоғарлауымыз мүмкін. Алайда басқа командалар да қол қусарып отырған жоқ. Ал осы додада нақты кімдердің бағы жанатыны 2019 жылдың сәуір айында белгілі болады. Бұл жолы «Алматы легионы» тек жеңіс үшін ғана ойнайды. Себебі, біз түрлі себептерге байланысты осыған дейінгі «Астанаға» қарсы ойынның көбінде ұтылғанбыз, – дейді ол.

– Бұл біздер үшін сырт алаңдағы «Алматы легионына» қарсы алғашқы ойынымыз. Өз алаңымызда екі кездесу өткізіп үлгердік. Қазіргі мақсат – демалыс күндері Самараның «Автодорына» қарсы өтетін бәсеке қарсаңында жігіттердің қарым-қабілетін байқап көру. Сондықтан да бүгінгі матчты біз маңызды кездесу алдындағы жаттығу ретінде қарастырдық, – дейді «Астана» баскетбол клубының басшысы Жомарт Асенқанов.

Қос команда арасындағы алғашқы матчта«Алматы легионы» өз қарсыластарына 80:90 есебімен есе жіберді.