Ольга Шишигинаның жүлдесі үшін өткен жарыс

24.12.2018, Оқылғаны: 412
 

Республикалық спорт колледжінде Қазақстанның әйгілі жеңіл атлеті Ольга Шишигинаның жүлдесі үшін дәстүрлі жарыс өтті. Бұл жайында HUB ақпараттық-спорттық орталығы хабарлайды.


Ольга Шишигина – жеңіл атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада чемпионы (2000), әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері
(1995, 2001), жабық ғимараттағы әлем чемпионы (1999), екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы (1994, 1998), Азия чемпионы (1998) және басқа да
көптеген аса ірі халықаралық додалардың жеңімпазы және жүлдегері.

Кедергілер арқылы қысқа қашықтыққа жүгеретін атақты ауыр атлеттің 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған жарыстың ашылу салтанатында осы саланың басы-қасында жүрген азаматтар оған камзол кигізіп, құрмет көрсетті.

– Осыдан бес жыл бұрын өзім оқыған мектептің жаттықтырушылары менің құрметіме жарыс ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдіріп, осы істі қолға алды. Бұл ұсынысты қуана-қуана қабыл алдым. Кезінде мен үшін де балалар арасында дәстүрлі түрде өтіп тұратын Ольга Гиржон атындағы жарыста топ жару маңызды болатын. Ол да кедергілер арқылы жүгірудің хас шебері еді. Гиржон 14 рет Қазақстан чемпионы атанып, 11 мәрте ел рекордын жаңғартты. Мен де сол соқпақпен жүріп, отандық спорт тарихында өшпес із қалдыруды армандайтынмын, – дейді Ольга Васильевна.


Ольга Шишигинаның жүлдесі үшін өткен жарыстың биылғы бағдарламасына спорттық жүріс, ұзындыққа секіру, биіктікке секіру, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 300 және 600 метрлік спринт және 4Х100 эстафеталық сайысы енді.

Осы жарыста Әбдірахман Жетпісбаев, Мағжан Бекенов, Әлия Қадырова,
Ризвана Шарахметова, Жәзира Бибосынова, Валерия Омарғалиева, Татьяна Ушакова, Ангелина Тяпова, Сауытжан Арупов, Ильшат Усмамдинов, Тимур Көлбай, Данил Цибиков, Александр Касьянов, Виктория Ключникова, Әлия Байбосинова, Милана Сибирова, Кристина Ермола,
Ботакөз Шорбай, Әзиза Ибрагимова, Антонина Моисеева, Вероника Олейник, Диана Чикова,тКристина Коновалова, Ольга Деперо,
Анастасия Болодорина, Ксения Ипатко, Арина Погадаева, Диана Свиридова, Виктория Рязанцева, Данил Щербаков,
Никита Шабалин, Мәди Әбдіқадыров, Азамат Қондыбаев, Кирилл Люин, Святослав Малошонок, Данил Шулыгин, Данил Григорьев,
Максим Западня, Әділ Қарахмет, Сәулет Минуарбек, Наиль Тихонов, Нарбол Тельтозиев, Талант Ұлықбек, Асыл Сұраншиев, Артем Стасенко,
Нина Шелест, Владислав Фогель, Айсұлу Аманша, Александра Алистратова, Наталья Махова, Ирина Шиянова
және тағы басқа спортшылар табысты өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді.