22 желтоқсанда "Медеу" мұз айдынында коньки тебуді үйретудің кезекті тегін курсы өтеді

19.12.2018, Оқылғаны: 94

22 желтоқсанда "Медеу" мұз айдынында коньки тебуді үйретудің кезекті тегін курсы өтеді. Бұл жайында "HUB" ақпараттық-спорттық орталығы хабарлайды 

Сағат 19:00-ден 21:00-ге деиін "Спорттық Алматы" бағдарламасы аясында 20 нұсқаушы ниет білдірген адамдардың барлығын коньки тебудің техникасына үйретеді. Ұйымдастырушылар тарапынан бағалы сыйлықтар ойнатылады

  • Естеріңізге сала кетейік, кіру жəне конькиді жалға бағасы "Медеу" спорт кешенінің прейскурантына сай.
  • Бұл бағдарламаның басты мақсаты - тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
  • Асығыңыздар, коньки тебудің тегін курсы биылғы жылғы соңына дейін ғана жалғасады.

Келіп, бізбен бірге сырған ап үйреніңіздер!