Алматыда алғаш рет тек қана таза журналистерден жасақталған шағын футболдан "Жас Қыран" кубогы жолындағы жарыс өтті

02.02.2019, Оқылғаны: 268

Бұл жарысқа алты алматылық БАҚ өкілдері, Талдықорғаннан келген "Жетісу" басылымы жəне газеті пен сайты бар қаржылық топтың командасы қатысты


Осы жарыспен қатар журналистер арасында Қазақстан чемпионаты да өтуде. Ол наурыз айына дейін созылады.

- Балалар мен жасөспірімдердің футбол орталығы Алматы қаласы журналистер лигасымен бірлесіп шағын футболдан бір күндік турнир өткізді. Қатысушылар жарна төлеген жоқ, зал тегін берілді жəне сыйлықтарды біздің лига табыс етті, - дейді "Жас Қыран" лигасының атқарушы директоры Болат Есмағамбетов.

Айтулы жарыс елімізде футболды насихаттап, халықты салауатты өмір салтына ынталандыру мақсатында ұйымдастырылуда. Мəселен, белгілі журналист, "Хабар" агенттігінің тілшісі Жандос Айтбай футбол десе, ішкен асын жерге қояды. Өзі де допты керемет ойнайды.

"Мен өз ұлымды футболға беремін. Біздің елде əр жастағы футболшыларға қажетті жағдайдың бəрі жасалған" дейді Жандос.

"Жас Қыран" кубогының қорытындысы бойынша "Намыс" командасы бас жүлдені олжаласа, екінші жəне үшінші орындарды "Бірлік" пен "Жетісу" иеленді.