Марафонға 10 досыңды ерте кел!

25.02.2019, Оқылғаны: 52
 

Алматыдағы Тұңғыш Президенттің саябағында өткен қысқы жарыстың
ашылу салтанатында ұйымдастырушылар әр қатысушыға өзімен бірге 10
досын ертіп келу жөнінде ұсыныс білдірді.

  • Ондағы мақсат – 2020 жылы өтетін марафонға дәл Еуропадағыдай 40 мың адам жинау.
  • 21 сәуірде «Алматы-марафоны» өтеді, ал бүгін жүгіру жарысының жаңа маусымы өз шымылдығын ашты.

Салтанат Қазыбаева жүгіруге ниет білдірушілердің саны тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті:

«Тіркелу мерзімін біз үш апта бұрын бастаймыз. Бұл жерде қатысушылардың санына шектеу бар. Бір апта қалғанда тіркеу аяқталады. Осы қысқы жарысқа 1 200 адам тіркелді. Үлкен марафонға дайындық ретінде барлығы төрт маусымдық бәсекелер өткізуді жоспарлап отырмыз».

Қысқы жарысқа қатысқан түрлі жастағы және түрлі мамандық иелері
10 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті.


Исхат Бекішев (54 жаста):

«Спортпен шұғылданып жүргеніме бірнеше жыл болды. Маусымдық жүгіру жарыстарын мен жаттығу ретінде қарастырамын. Осындай сайыстар адам баласына керемет сезім сыйлайды. Біздер үшін бұл үлкен мереке. Мен әрдайым достарым, таныстарым және әріптестерімді жүгіруге үгіттеймін».


Бағлан Мансұров (18 жаста):

«Мен студентпін, көбіне-көп футбол ойнағанды ұнатамын. Марафонды да жүгіре бастадым. Осындай жарыстар тамаша көңіл-күй сыйлайды».


Яна Назаэн (29 жаста):

«Осындай шараларда талай қызықты адамдармен кездесесің. Барлығының да өмірге деген көзқарсы оңды. Осындай салауатты өмір салтын ұстанған адамдармен жұздесудің өзі үлкен қуаныш».


Салават Сингатуллин (23 жаста):

«Әу баста дәрігерлер маған жүгіруге рұқсат бермеген еді. Десек те мен өзімді өзімнің оң жамбасыма келетін – 21 шақырымдық қашықтыққа жүгіретін мүгедектер спортының жалғыз алматылық өкілі шығармын деп ойлаймын. Осы орайда, барша жұртқа өз денсаулығымыз – өз қолымызда екенін ескерте кеткім келеді».


Абсолютті есепте алғашқы орындарды мына желаяқтар иеленді: Әйелдер –
  1. Анастасия Черная,
  2. Сәуле Досжанова
  3. Юлия Макарчук. Ерлер
және
  1. Михаил Красилов,
  2. Нұрысбек Сексенбай  
  3. Геннадий Зеленский.


Скандинавиялық жаяу жүру – бұл марафондағы жаңа бағыт. Оның аудиториясы да бөлек.


Шолпан Ысқақова (61 жаста):

«Осыдан шамамен үш жыл бұрын Скандинавиялық әдістегі жаяу жүрумен айналыса бастадым. Түрлі жарыстар барысында жаңа достар таптым. Денсаулығым да түзеле түсті. Қазіргі кезде біздер үшін ондаған шақырымды артқа тастаудың еш қиындығы жоқ».