Мың бұралған арулар

14.03.2019, Оқылғаны: 121
Алматыда əуе гимнастикасынан Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл цирктік жəне театрлық өнермен қоса  спорт. Ресейде бұл түрі ресми түрде мойындалып, əлем біріншіліктері өтуде. Осыдан екі жыл бұрын қазақстандық Ислам Тəттінов пен Тимур Бұлмақов айтулы жарыста алтын алған.

Юрий Никулин атындағы цирктің бұрынғы актрисасы Карина Шум Алматыда өзінің Таңғажайыптар циркі жəне цирктік пен акробатикалық өнер мектебін ашты. Оның күйеуі Вадим Шумейко əуе акробатика федерациясын басқарады. Олар елімізде ресми спорт түрі ретінде мойындалады деп үміттенеді.

"Қарашада Алматыда ашық турнир өтіп, Ресей, Грузия, Франция, Македония спортшылары қатысады. Біздің өрендерді өнері көпшіліктің көңілінен шығуда. Екі жасар Амали Əбдібаева ел біріншілігінде екі метрлік биіктікте сақтандыру құралынсыз өнер көрсеткенде тамсанбаған адам жоқ. Ал алдыңғы жылы Сочиде Гран-при жеңімпазы атанғанымызда барша көрермендер біздің балаларға айрықша сүйсінді," - Карина Шум. 

Осы чемпионатта Маргарита Фучижи, Милана Терентьева, Селин Гучтаж сынды əйгілі спортшылар бірінші орындарды иеленді. Жаңадан қосылғандар сайысында Ольга Костина, Медина Смайлова, Карина Снегирева топ жарды. Енді əуе гимнасшылары Францияда өтетін əлем чемпионатына даярланады.