"Алматы легионы" "Астанадан" ұтылды

14.03.2019, Оқылғаны: 168
Алматыда Қазақстанның тұрақты біріншілігінің Ұлттық лигасы аясында "Астана" Президенттік баскетбол клубы мен "Алматы легионы" арасында бəсекелер өтуде. Қазіргі кезде "Астана" жарыс кестесінде көш бастап тұрса, "Алматы легионы" үшінші орында келеді.

Бірінші кездесудің қарсаңында "Алматы легионы" БК директоры Олег Севергин: "Жеті команда арасында біз үшінші орында келеміз. Біріншіліктің 26 ойыны артта қалды. Енді он кездесу қалды. Біз плей-оффқа шығып қойғанбыз. Ендігі ойындар жарыс кестесінде қай сатыға жайғасатынымызды айқындайды"- деп айтқан еді.

"Біз қазір нағыз бабымызда деп айта алмаймын. Десек те керекті нəтижеге қол жеткізетіндей жағдайдамыз. Қалған матчтарды барынша зор нəтиже көрсетуге тырысамыз"

Айтулы команданың бас бапкері Олег Киселев

Алғашқы ойында "Алматы легионы" "Астанадан" 65-93 есебімен ұтылып қалды.