«Алматы қаласындағы кәсіби бокс кеші»

20.03.2019, Оқылғаны: 232
24 наурыз күні Almaty Arena көпфункционалды кешенінде қазақстандық, сонымен қатар Ресей, Африка, Венесуэла, Индонезия,  Грузия және әлемнің басқадай елдерінен келген боксерлердің қатысуымен кәсіби бокс кеші болады.
 
Кәсіби бокс Кешінің ұйымдастырушысы болып Алматы қаласы әкімдігінің және «Eye of the Tiger Management» промоутерлік компаниясының қолдауымен «SULEIMEN Promotions» промоутерлік компаниясы табылады.
 
Кәсіби бокс Кеші Наурыз мерекесін тойлау аясында жоспарланып отыр. Көрермендерді жарқын да ұмытылмас кеш күтеді. Мұндай деңгейдегі ауқымды шара Қазақстанда бірінші рет жүргізілетіндігін атап айтқымыз келеді.
 
Барлығы 16 боксердің қатысуымен 8 жекпе-жек жоспарлануда.
Кештің түйінді сәті - қазақстандық жеңіліс көрмеген боксерлер Айдос Ербосынұлы, Садриддин Ахмедов және Нұрсұлтан Жаңабаевтың қатысумен болатын үш титулды жекпе-жек.
 
 Айдос Ербосынұлы (10-0-8KO) екінші жартылай орта салмақта оңтүстік африкалық Лукас Ндафолуммен (15-1-6КО) жекпе-жекке шығады. Бұл жекпе-жекте конда WBA INTERNATIONAL чемпиондық белдігі және WBC ASIA және WBO GLOBAL белдіктерін қорғау тұрады. Лукас Ндафолума -  Оңтүстік Африкадағы Намибия Республикасының кәсіби, тәсілді боксшысы, лақап аты «Бұзушы». Ол кәсіби рингте 15 рет жекпе-жекке шықты, бір рет жеңілген және 6 жекпе-жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған(15-1-6КО). 76,2 кг салмақпен орта салмақ дивизионында, оның бойы  1,86 см. Лукас кәсіби мансапта 2011 жылы отандасы Стивен Шимбондеге қарсы дебют көрсеткен.
 
  «Eye of the Tiger Management»промоутерлік компанияның боксшысы Садриддин Ахмедов (7-0, 7 КО) бірінші орта салмақта ,WBC Asia титулы үшін жекпе-жекке шығады, оның қарсыласы Индонезия елінен келген боксшы Джон Руба (17-5-1, 9 КО).
Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0-4КО) WBA INTERCONTINENTAL титулы үшін венесуэлалық боксер Иван Матутемен (28-1-23 КО) жекпе-жекке шығады.
25 жасар венесуэлалық кәсіби боксшы Иван Матуте, лақап аты «Эль Демоледор» кәсіби рингте 28 рет жекпе-жекке шыққан, бір рет жеңілген және 23 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған(28-1-23 КО). Оның салмағы -66,68 кг, бойы - 1,78 см құрайды. Бокстегі кәсіби мансапты 2014 жылы бастаған.
 
Андеркартта переспективті кәсіби боксшылар ұсынылған, атап айтқанда Дастан Садуұлы Dastan Saduuly (2-0, 2 KO) жеңіл салмақта (61,2 кг) және оның оппоненті Александр Салтыков - Alexander Saltykov (12-55-3,7 KO). Сонымен қатар, спортшылар Искандер Харсан - Iskander Kharsan (5-0, 4 KO) екінші жеңіл салмақта (55 кг)қарсыласы Грузия   боксері- Джаба Мемишиши - Jaba Memishishi (8-10, 1 КО).
 Аскат Жантұрсынов - Askat Zhantursynov (3-0, 3 KO) бірінші ауыр салмақта (90,4 кг) рингке  грузин Рамази Гогичашвили - Ramazi Gogichashvili (22-27-2, 10 КО) қарсы шығады. Диас Тастемиров - Dias Tastemirov (3-0, 3КО)екінші орта салмақта  (76 кг) және оның қарсыласы Малхаз Суджашвили - Malkhaz Sujashvili (10-4, 8 КО).
Өзбекстаннан келген боксшы Улугбек Хакбердиев - Ulugbek Khakberdiev (5-0, 3 КО) орта салмақта (72,6 кг), оның қарсыласы Латвиядан Aleksejs Palcuns (8-10, 7 КО.
 
 
Кеш шеңберінде бірнеше шаралар жүргізіледі:
22 наурызда «Достык Плаза» Сауда- ойын-сауық орталығында ашық жаттығулар өткізу жоспарланған. Басталуы 13:00
23 наурызда «Достык Плаза» Сауда- ойын-сауық орталығында көзқарастарды таразылау және таластыру, пресс-конференция жоспарланған.Басталуы 17:00
Тікелей бокс кеші 24 наурызда Almaty Arena көпфункционалды кешен алаңында өтеді. Басталуы 19:00 сағатта.
 
Анықтама: «SULEIMEN Promotions» промоутерлік агенттігі 2018 жылдың күзінде құрылды.  Негізгі мақсаты- бокс және ММА әлеміндегі талантты боксшыларды қолдау мен көтеру.
Бүгінгі күні екі боксермен Айдос Ербосынұлы және Нұрсұлтан Жаңабаевпен контрактіге қол қойылды.
 
Айдос Ербосынұлы –– 14 қараша 1991 ж дүние келген. Кәсіби мансапта 2 қазан 2015 жылы дебютке шыққан, оның қарсыласы Белоруссия боксері - Андрей Долхожий. Айдос екінші орта салмақ (76.2 кг) дивизионында, оның бойы  180 см. Кәсіби боксте 10 рет жекпе-жекке шыққан, бір рет те жеңіліп көрмеген, 8 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған. Жасы-27-де. Бокспен 11 жасынан айналысып келеді. 16 жасында бокстан спорт мастері атанған. Әуесқой бокстегі табыстары: Көптеген халықаралық турнирлердің чемпионы, Қазақстан кубогының чемпионы, Қазақстан чемпионатының Күміс және қола жүлдегері.
 
“Astana Arlans” құрамындағы бокстың әлемдік серия чемпионы.
Кәсіби бокстағы жетістіктері: WBA,WBC версиясы бойынша Азия чемпионы, WBO GLOBAL белдігінің иегері.
Айдостың қарсыласы - Лукас Ндафолума (Lukas Ndafoluma)  Оңтүстік Африкадағы Намибия Республикасының кәсіби, тәсілді боксшысы, лақап аты «Бұзушы». 25 желтоқсан 1985 жылы туылған, жасы  – 33 те. Ол кәсіби рингте 15 рет жекпе-жекке шықты, бір рет жеңілген және 6 жекпе-жекті мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған(15-1-6КО). 76,2 кг салмақпен орта салмақ дивизионында, оның бойы 1,86 см. Лукас кәсіби мансапта 2011 жылы отандасы Стивен Шимбондеге қарсы дебют көрсеткен.
Нұрсұлтан Жаңабаев – 5 қыркүйек 1992 жылы дүниеге келген. Кәсіби мапсаптағы  дебюті 22 қазан 2016 жыл, оның қарсыласы Қытай боксшысы  - Синсинь Ян. Орташа салмақ (66.68 кг), оның бойы 173 см. Кәсіби бокста 6 рет жекпе-жекке шыққан, олардың 6-нда да жеңіліс көрмеген, 4 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған. Жасы: 26 –да.
                     Бокспен 15 жасынан айналысып келеді. Қазақстан Республикасының спорт шебері.
                    WBC Asia версиясы бойынша Азия чемпионы.
Нұрсұлтанның қарсыласы 25 жасар венесуэлалық кәсіби боксшы Иван Матуте, лақап аты «Эль Демоледор»  28 сәуір 1993 жылы дүниеге келген. Кәсіби мансаптағы дебюті  17 қазан 2014 ж болған, оның қарсыласы Никарагуа боксшысы  - Ноэль Гомес. Кәсіби рингте 28 рет жекпе-жекке шыққан, бір рет жеңілген және 23 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған (28-1-23 КО). Оның салмағы -66,68 кг, бойы - 1,78 см құрайды.
Садриддин Ахмедов – қазақстандық кәсіби боксшы  31 қаңтар  1998 жылы дүние келген. Жасы: 21-де. Кәсіби мансаптағы дебюті  7 сәуір 2018 ж болған, оның қарсыласы Мексика елінің боксшысы - Тони Баррерас. Садриддин кәсіби рингте 7 рет жекпе-жекке шыққан, жеңіліп көрмеген, 7 рет жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған.  
Садриддиннің қарсыласы: Джон Руба.  Индонезия елінің кәсіби боксшысы, 13 қыркүйек 1993 жылы дүниеге келген. Жасы: 25-те. Кәсіби мансаптағы дебюті  10 қазан 2013 ж. болған, оның қарсыласы  Индонезия елінің боксшысы  Джексон Коэль Лапи болған.  Джон Руба  кәсіби рингте  23  рет жекпе-жекке шығып,  17  рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген, 1 рет тең және 9 рет   жекпе-жекті нокаутпен аяқтаған. (17-5-1, 9 КО).
 
Кәсіби бокс кешіне билеттерді мына сайттар бойынша ticketon.kz, zakazbiletov.kz, kassir.kz, сонымен қатар ALMATY Arena кассаларынан ала аласыздар.
Анықтама телефондары: +7 701 908 33 14, +7 701 908 30 75, +7 701 759 90 08.
Кәсіби бокс кеші  Астана уақытымен сағат : 19:00 басталады.  
                             Титул үшін жекпе-жек Астана уақытымен сағат:  22:00  басталады.