«Астана» - ел кубогының иегері!

10.04.2019, Оқылғаны: 151
Баскетболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыста «Астана» «Синегорьені» ұтып, мерзімінен бұрын бас жүлдені олжалады.

Алғашында таразы басы тең тұрғанымен, астаналық клуб 7 ұпайға озды. Екінші кезеңнің басында біраз ұзаған «Астана» алғашқы жартылықта 43:27 есебімен алға шықты. Үшінші кезеңде көкшетаулықтар есеп айырмашылығын біраз қысқартқанымен, елордалық ойыншылар бəрібір дес берген жоқ. Есеп - 97:48.

Атырау облысының командасын ұтқан «Тобыл» күміс медальді қоржынға салды. Бастапқы кезеңде Батыстан келген баскетболшылар біраз қарсыласқанымен, жеңіс қостанайлықтардың уысынде кетті. Есеп - 95:77.

Үшінші орын үшін тартыс Атырау облысы мен «Синегорье» арасында өтеді. Олар 6 сəуірде кездеседі. Ал соңғы бəсеке «Астана» мен «Алматы легионы» арасында өтеді.