«Алматылық Легион» үшінші орын үшін таласуда

19.04.2019, Оқылғаны: 163
Алматыда «Алматылық Легион» мен «Синегорья» арасында екінші кездесу өтті. Бәсекенің басында көкшетаулықтар алға шықты. Алайда алматылықтар таразы басын теңестіріп, үзіліске дейін бір ұпай артық жиды. Екінші кезеңде алаң иелері өз басымдығын 20 ұпайға дейін жеткізді – 54:34. Үшінші кезеңде «Легион» 24 ұпайға дейін озған еді, қарсыластары оны 16-ға дейін қысқартты. Төртінші кезеңде тағы 10-ға дейін кеміді. Бірақ алматылықтар өз дегендеріне жетіп, 88:84 есебімен жеңіске жетті.  

 «Алматылық Легион» үшінші орын үшін тарысын жалғастыруда. Тұрақты біріншіліктің соңғы кездесулерін олар 27-28 сәуірде «Тобылға» қарсы өткізеді. Ал «Синегорье» 30 сәуір мен 1 мамырда «Астанамен» күш сынасады.