"Алматы" волейбол клубының қыздар командасы 23 жасқа дейінгілердің Жоғары лигасын жеңіп алды

22.04.2019, Оқылғаны: 120
11-18 сəуір аралығында Талдықорғанда волейболдан  23 жасқа дейінгі қыздар арасында Жоғары лигасының жарысы өтті.
Жарыстың соңына қарай сегіз команданың үшеуі бас жүлде үшін таласу мүмкіндігін сақтап қалды. Олар "Алматы-2" (74 ұпай), "Ертіс-Қазхром" (71 ұпай) жəне "Жетісу-2" (68 ұпай). Алтын жүлде үшін тартыс осылар арасында шешілді.

Осы сайыстардың қорытындысы бойынша чемпиондық атаққа "Алматы-2" клубы қол жеткізді. Юлия Толкушева жетекшілік ететін ұжым   өзгелерден екі ұпай озды.

Екінші жəне үшінші орындарда - "Ертіс-Қазхром" мен "Жетісу-2". 
"Алматы-2" клубының үш ойыншысы символикалық құрамаға енді:
Жанна Сыроешкина - турнирдің MVP-сы
Динара Қожабердина - үздік үйлестіруші
Валерия Медникова - үздік қабылдаушы.