Алматыда бәйге маусымының басты ат жарысы - Қазақстандық Дерби өтті

05.08.2017, Оқылғаны: 596

Бүгін Алматылық ипподромда басты ат жарыстарының бірі Қазақстандық Дерби өтті. Жетінші ат жарысының аясында осы маусымның сегізінші бәйгесі, Жорға жарысы және Тай жарысы көрермендерді бейжай қалдырмады. Қазақстанның түкпір-түкпірінен және өзге мемлекеттерден келген аттар мен олардың шабандоздары өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды ақпараттақ және спорттық ХАБ.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты аттарды сынау, оларды халықаралық жарыстарға дайындау, сонымен қатар, ұлттық спорт түрлерін елге таныту, салауатты өмір салтын насихаттау.

- Қала әкімдігіне және Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына көрсеткен қолдауы үшін алғысымды білдіремін. Әр қатысушы үшін Қазақстандық Дерби атауымен Кубок жеңу үлкен мәртебе. Алайда, Дерби жарысында тек үздіктер өзара мықтыны анықтайды, сондықтан мұндай жүлдені ұту да оңай емес. Кубокпен қатар, біз жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табыстадық. Мәселен, Қазақстандық Дерби беделді жүлдесінің жеңімпазы қала әкімдігінің атынан ақшалай сыйлықпен марапатталды. Осы маусым бойы көмегін үзбеген Алматы қаласының әкімдігіне ризашылығым шексіз, - деп атап өтті жарым ұйымдастырушысы Владислав Цой.

Бұл ат жарысынан ДЕРБИ-ді ерекше атап өтуге болады. Бұл осы маусымның ең басты бәйгелерінің бірі. Аталмыш жүлде үшін 6 үміткер жарыс жолына шықты, қатысушылар жүйріктердің жүйріктері. Әсіресе, Қазақстандық ОКС жүлдесінің жеңімпазы Найл Импресс, «ЭКСПО» жүлдесінің жеңімпазы Мэйк Мэморис және Шаңтиместі еліміздің үздік үштігіне жатқызуға болады. Сонымен қатар, Қазақстанда өсірілген Шикетан - ел мақтанышы. Айта кетер жайт, қатысушылардың басым бөлігі шет елдерде өсірілген.

Аталмыш жүлдеден басқа сегіз ат жарысы да беделділердің қатарына жатады.Оның бірі Фаворит жүлдесі. Бұл бәйгеде басып озған шабандоз бен оның төзімді аты Бриони Қырғыстаннан келген екен.

- Жеңіске жеткеніме аса қуаныштымын. Жеңген себебім мен атыма, атым маған сәйкес келеді, бір-бірімізді түсінеміз. Барлық қарсыластар мықты болды. Біз жарысқа екінші рет келіп отырмыз. Өткен жылы қоланы олжаласақ, осы жылы алтынды жеңу бұйырыпты. 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық ұтқаныма да аса қуаныштымын, барлығына рақмет! –деп бөлісті жарыс жеңімпазы Мықтыбек Тоқтасынов.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетер жайт, 2017 жылы Алматылық Ипподромда 350 асыл тұқымды жылқыларды 11 ат жарысы күндерінде сынап, үздіктерін анықтау жоспарланған.