Денсаулық пен спорт фестиваліне қош келдіңіздер!

05.05.2019, Оқылғаны: 143
"Мен Алматылықпын" қоғамдық бірлестігі Алматы қаласы əкімдігінің қолдауымен алдағы демалыс күндері төртінші Халықаралық денсаулық пен спорт фестивалін өткізеді.
 
"Спорттық лига" -  фестивалі көптеген күш қолданылатын спорт түрлерінің басын біріктіретін Қазақстандағы аса ірі жəне жалғыз шара.
Фестивальдің мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спорттық секцияларға тарту,  ішімдік, есірткі жəне суицидальді күйден арылту.
 
Республикалық жəне халықаралық деңгейдегі ресми жарыстармен қатар,  ниет білдірген адамдардың барлығы да ашық алаңдарда бақ сынай алады.

Ұйымдастырушылар Ресей, Қырғызстан, Иран, Украина жəне басқа да мемлекеттерден келген меймандарды күтеді. Қонақтар қатарында "Железный рейтинг" бейнеарнасының негізін қалаушысы əрі жүргізушісі Василий Кузнецов, Street Workout - Дмитрий Доценко, бицепске зілтемір көтеруші Олег Сакович, пауэрлифтинг шебері Михаил Грищенко, күш экстримі өкілі Михаил Шивляков  сынды саңлақтар бар.
Фестивальға нұсқаушылар, бапкерлер, кəсіпқой спортшылар, спорттық жəне дене шынықтыру медицинасының мамандары, ұлттық спорттық ұйымдар мен қауымдастық өкілдері, жанкүйерлер мен салауатты өмір салтын ұстаушылар келеді.

Алғаш рет бір шатырдың астында əлі де Олимпиада бағдарламасына енбеген күш қолданылатын спорт түрлері жиналады. Фестиваль аясында аралас жекпе-жектен GPANABBA қаланың ашық біріншілігі, бодибилдинг пен фитнесстен халықаралық жарыс жəне тағы басқа бəсекелер ұйымдастырылады. Сондай-ақ WPC - жекелеген жаттығулар бойынша пауэрлифтингтен Қазақстанның ашық чемпионаты, KAZLIFTINGCUP - ауыр атлетикадан Қазақстан біріншілігі, зумба-марафон, STREET WORKOUT - қаланың ашық біріншілігі, арқан тартудан қаланың командалық біріншілігі, STPONGMEN - Eуразия кубогы өтеді.
 
Сенбі жəне жексенбі күндері Атакенттегі 11 павильонға келіңіздер! Кəсіпқойлармен бірге күш сынасып көріңіздер!