Алматыдағы Орталық мəдениет жəне демалыс саябағындағы КСРО дəуірінде салынған велотректің ашылу рəсімі өтті.

05.05.2019, Оқылғаны: 141
 
Алматыдағы Орталық мəдениет жəне демалыс саябағындағы КСРО дəуірінде салынған велотректің ашылу рəсімі өтті. Бұл салтанатқа Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек жəне шаһардың бұрынғы басшысы, бұл күндері "Самұрық-Қазына" ұлттық əл-ауқаты қоры басқарма төрағасы Ахметжан Есімов қатысты.
 
 

Ахметжан Есімов осы керемет алаң жəне 200 адамға арналған трибунаны көріп: "Айтулы қор спорт саласының дамуына да елеулі мөлшерде қаражат бөлуде. Көптеген облыстарда спорттық нысандар салынуда, түрлі командаларға қолдау көрсетілуде. Ал Алматыға осы велотректі қалпына келтіру үшін ақша бөлдік. Енді велосипед тебіңіздер, толағай табыстарға қол жеткізіңіздер" - деді.

Бауыржан Байбек қолдау көрсеткен қордың төрағасына өз ризашылығын білдіріп, қалада алматылықтар уақытын пайдалы əрі тиімді өткізу үшін тағы бір алаңның пайда болғанын айтты. Велотректе жөндеу жұмыстары жүргізілуден бөлек, 150 түп ағаш отырғызу жөнінде шешім қабылданды.
 
 
Велотректі реконструкциялау үшін 200 миллион теңге бөлінді. Əр күн сайын осы жерде 80-ге дейін ал жылына 16 мың адамға дейін келеді деп күтілуде.
 
 
Велотрек өткен ғасырдың 90- жылдарының басынан бері жұмыс істеген жоқ еді. Қазір оның аумағында памп-трек пен контруклон, тау велосипедін тебу трассасы, скейтборд жəне де басқа да экстремалдар үшін керемет алаңдар салынды.