Қызылордадағы "Мұз Айдынында" Спартакиаданың финалына шыққан 20 боксшы анықталды

07.05.2019, Оқылғаны: 148
Қызылордадағы "Мұз Айдынында" Спартакиаданың финалына шыққан 20 боксшы анықталды. Олар енді 20 салмақ дəрежесі бойынша бас жүлдені өзара сарапқа салады. 

49 кило салмақта түркістандық Ержан Жомарт пен нұр-сұлтандық Асхат Жүсіпов қолғап түйістіреді.

52 кило салмақта Түркістан облысының тағы бір өкілі Сəкен Бибосынов Солтүстік Қазақстан облысынан келген Евгений Павловпен кездеседі. 

56 кило салмақта нұр-сұлтандық Ілияс Сүлейменов пен маңғыстаулық Нұрбол Қалжанов сайысқа түседі.

64 кило салмақта ақмолалық Сабыржан Бекбергенов жарақат алуына байланысты алматылық Ділмұрат Мижитов финалға шықты. Енді ол талдықорғандық Нұржан Мақашбаевпен күш сынасады.

69 кило салмақта ақмолалық Талғат Шəйкен мен павлодарлық Аятолла Тəкежанов, 75 кило салмақта ШҚО өкілі Ермахан Жəпеков пен нұр-сұлтандық Тимур Нұрсейітов жұдырықтасады.

81 кило салмақта маңғыстаулық Ерік Əлжанов пен елордалық Нұрбек Оралбаймен, 91 кило салмақтағы Айбек Оралбай қызылордалық Оңталап Рахмановпен айқасады. 

Аса ауыр салмақта ақтөбелік Сержан Сейтімбетов пен Нұрболат Сермаханов шеберлік байқасады.

Финалдық сайыс 7 мамырда сағат 13:00-де басталады.