Бокстан ҚР V жазғы Спартакиадасының қорытындысы

08.05.2019, Оқылғаны: 160
Қызылордада ҚР V жазғы Спартакиадасы аясында боксшылардың жарысы өз мəресіне жетті. Бұл жарыста еліміздің барлық өңірінен келген 146 спортшы бақ сынады.

Бір аптаға созылған жарыс нəтижесі бойынша командалық есепте Нұр-Сұлтанның боксшылары (5 алтын+1 күміс+2 қола) бірінші орын алды. Екінші сатыға Маңғыстау облысы (2+1+1) жайғасты. Үшінші орында - Түркістан облысы (1+1+2).

Финалдың нəтижелері мынадай:

49 кило: нұр-сұлтандық Асхат Жүсіпов түркістандық Жомарт Ержанды еңсерді.

52 кило: түркістандық Сəкен Бибосынов солтүстікқазақстандық Евгений Павловты жеңді.

56 кило: маңғыстаулық Нұрбол Қалжанов  нұр-сұлтандық Ілияс Сүлейменовтен айласын асырды.

60 кило: маңғыстаулық Саматəлі Төлтаев шығысқазақстандық Əділет Құрметовты қапы қалдырды.

69 кило: ақмолалық Талғат Шəйкен павлодарлық Аятолла Тəкежановқа тізе бүктірді.

75 кило: нұр-сұлтандық  Тимур Нұрсейітов шығысқазақстандық Ермек Жəпековті ұтты.

81 кило: нұр-сұлтандық Нұрбек Оралбай маңғыстаулық Ерік Əлжановтан басым түсті.

91 кило: нұр-сұлтандық Айбек Оралбай қызылордалық Оңталап Рахмановтан айласын асырды.

+91 кило: нұр-сұлтандық Нұрболат Сермаханов ақтөбелік Сержан Сейтімбетовке сан соқтырды.