Әйгілі бапкер 2000 жылдардағы альпинизм туралы айтып береді

14.05.2019, Оқылғаны: 62
15 мамырда Қазақтың Спорт және туризм академиясында атақты альпинст, әйгілі бапкер Ерванд Тихонович Ильинскиймен кездесу өтеді. Бұл есім көпшілікке жақсы таныс. Айтулы азамат көптеген мықты альпинистерді тәрбиелеген.

70-80 жылдары Ильинский жетекшілік еткен армияшылар командасы КСРО-ның көп дүркін чемпиондары атанды. Ол бірнеше мәрте Гималай экспедициясын басқарды. Соның бірі – 1997 жылы Эвересті бетке алған Қазақстанның тұңғыш қарлығаштары еді. Бұл жолы Е.Т.Ильинский екі мыңыншы жылғы команда жайында әңгімелейді. Олар 90-шы жылдары бастау алған биіктігі көк тірген барлық 14 шыңды 2011 жылы толықтай бағындырды. Солардың арасында Денис Урубко, Мақсұт Жұмаев және Василий Пивцов бұл жоспарды жеке өздері ойдағыдай жүзеге асырды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматы қаласы альпинизм федерациясы атақты спортшылар мен бапкерлерді арнайы шақыртып, осы тақырыпта студенттерге дәріс оқиды.