Алматыда бессайысшылар жарысуда

15.05.2019, Оқылғаны: 83
Алматыда Аманкелді Имановты еске түсіруге арналған қазіргі бессайыстан  халықаралық рейтингтік турнир өтуде.

Жарыста Алматы, Нұр-Сұлтан, Тараз жəне басқа да облыстардың командалары, сондай-ақ Қырғызстан мен Өзбекстан спортшылары бақ сынауда. Бессайыс бес спорт түрінің басын біріктірген: ат жарысы, жүзу, жүгіру, нысана көздеу жəне семсерлесу.