Қазақстандық гимнасшылар əлем чемпионатына іріктелуде

15.05.2019, Оқылғаны: 20

Алматыдағы N9 спорт мектебінде спорттық гимнастикадан Қазақстан чемпионаты мен ел кубогы өтуде. Бұл жарыста респубикамыздың барлық аймағынан келген өрендер бақ сынауда. 16-17 мамырда көпсайыстың   жекелеген түрлерінен сайыстар өтіп, жеңімпаздар анықталады.

Айтулы жарыс əлем чемпионатына іріктеу сыны ретінде қарастырылуда. Өткен жылғы əлемдік додада жерлестеріміз 24 команда арасынан 16 орынды иеленген еді. Ендігі мақсат - 12 үздік команданың қатарына қосылу.

«Əрине, бұл оңай шаруа емес. Десек те осы белеске негізссіз көз тігіп отырған жоқпыз» - дейді ҚР спорттық гимнастикасының вице-президенті Махмұд Ескендіров.