Алматылықтар "Medeu rаce" додосына даярлануда

15.05.2019, Оқылғаны: 15
19 мамырда ең бір керемет жарыстардың бірі - "MEDEU RACE-2019" өтеді.
Алғашқы жарыс велошоссе, вело-МТВ жəне жүгіру санаттары бойынша велоспорт пен 16 шақырымға жүгіруден өтеді. Осы жарыс Алматы қаласы əкімдігі жəне қазақстандық "Vino Bike"  вело-брендінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Жарыстың мақсаты - велоспорт мен жүгіру, салауатты өмір салтын насихаттау жəне адамдарды дене шынықтыру мен спортқа тарту, спорттық шеберлікті шыңдау, тəжірибе жию.
 
Бəсекелер əл-Фараби даңғылындағы Esentai Mall ғимараты алдында басталып, Медеу мұз айдынында аяқталады. Медеуге жол кезең кезеңмен жабылады. Жарыс сағат 6:00-ден 12:00-ге дейін жалғасады. Ол жерде брифинг пен жаттығулар өтіп, кадастерлер толтырылады. 7:00-де вело жарысы, 7:05-те жүгіру жарысы басталады. Қатысушылар 700 метрлік биіктікке шығулары керек. Марапаттау рəсімі 1691 метрлік биіктікте өтеді.