Алматы облыстық N1 балалар үйінде шахматтан бір мезгілдегі ойындар сеансы өтті.

17.05.2019, Оқылғаны: 78
Алматы облыстық N1 балалар үйінде шахматтан бір мезгілдегі ойындар сеансы өтті. Бұл жарыста 25 қатысушы бақ сынады. Балалар үйінің тəрбиеленушілеріне халықаралық шебер Гүлмира Дəулетова мен ФИДЕ шебері Асылках Қараев шеберлік сабағын өткізді.

Төрт сағаттық кездесуден соң балалар Қазақстан шахмат федерациясынан естелік сыйлықтар алды. Ал мықтылармен тең түскен шахматты енді үйрене бастаған үш ойыншы медаль мен арнайы сыйлықтар алды.

- Балардың деңгейі керемет- дейді Гүлмира Дəулетова - Егер балармен тұрақты түрде айналысса, олардың мықты ойыншыларға айналатыны анық. Қатысушылардың азарты керемет екен. Барлығы да жеңіске жету үшін барын салды".
 
Аталмыш балалар үйінде 100-ден аса балалар тұрады. Олар футбол, жекпе-жек, қол өнері, музыка жəне де басқа да өнерлермен шұғылданады. Сонымен қатар шахматқа да құштарлығы ерекше. Жарыс аяқталғаннан соң барлыға шахмат тақтасын сыйға алды.

"Балалар үйімен іскерлік орнату арқылы біз тек осы тəжірибеге сүйенумен шектелмейміз, - дейді Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко. - Осы балалармен жұмысты одан əрі жалғастыру жоспарда бар. Оларға тегін үйірме жоспарда бар".

ҚР шахмат федерация үшін балалар үйімен жұмыс істеу жаңашылдық емес. Бұған дейін республикалық балалар үйіне ноутбуктер таратылды.Сол арқылы онлайн жүйесі арқылы шахмат ойнауға болады.

ҚШФ бас серіктесі - "Самұрық Қазына" АҚ -
"Sumruk-Kazyna Trust" əлеуметтік жобаларды дамытушы жоба.
Бас демеуші - "Қазақстан шахмат федерациясы" РҚБ - академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым білім қоры.