«Kumys Traill 2019» ашық таудағы жартылай марафон

17.05.2019, Оқылғаны: 155
26 мамырда ұзақтығы 21,097 шақырымды құрайтын  жүгіру жарысы өтеді. «Kumys Traill 2019» жартылай марафоны 2019 жылы «Mountian Running of Kazakhstan» ҚБ жарысының күнтізбелік бағдарламасына енген спорттық жарыс. Оның мақсаты - салауатты өмір салтын, əмбебап жəне қол жетімді спорт түрі ретінде трэйлраннинг пен скайраннингті насихаттау, спорттық дəрежені көтеріп, шыдамдылықты арттыру,  ұлттық құрама жасақтап, оларды халықаралық додаларға даярлау.



Жарыс Түрген шатқалында өтеді. Қатысушылар айналатын жерге дейін 10,5 шақырымды жəне бері қарай дəл сондай қашықтықты жүгіріп өтуге тиіс. Бұл бəсекелер теңіз деңгейінен 1500-ден бастап, 2500 метрге дейінгі биіктікте өтеді. Атлеттер 1500 метрден асуы керек. Осы шараны ұйымдастыру жəне басқару «Mountian Running of Kazakhstan» ҚБ жетекшілігімен жүзеге асырылады.