Бізде Олимпиада лицензиясын алатын үміткерлер бар

21.05.2019, Оқылғаны: 122
Спорттық гимнастикадан өткен Қазақстан чемпионаты мен кубогынан кейін бапкерлер қорытынды шығарды. 

"Гимнастар өте жақсы өнер көрсетті. Біздің команда сапында халықаралық дəрежедегі спорт шеберлері мен келешегінен үміт күттіретін спортшылар бар. Олар Олимпиада лицензиясынан басты үміткерлер", - дейді ҚР спорттық гимнастика федерациясының вице-президенті Махмуд Ескендіров.

Көпсайыста спорт шеберлері арасында алматылық Милад Карими, Əкім Мұсаев жəне Ербол Жантықов озды. Спорт шеберлігіне үміткерлер сайысында шымкенттік Эмиль Ахмеджанов жəне алматылық Иван Темников пен Николай Макиев үздік атанды. Бірінші разрядты гимнасшылар бəсекесінде Нұржан Ыдырысов (Павлодар) жəне Владимир Харламов пен Константин Салагаев (Алматы) жеңіс тұғырына көтерілді.