"Шымбұлақтағы" жарыс

21.05.2019, Оқылғаны: 171

9 маусымда "Шымбұлақ" тау курортында скайраннингтің "тік шақырым" жаттығуы бойынша іріктеу жəне жастар арасындағы жарысы өтеді. Ондағы мақсат- осы спорт түрін насихаттау, үздік спортшыларды анықтау, оларға спорттық дəрежелер беру.Google Earth ұсынған мəліметке сүйенсек, скайраннингтен іріктеу сайысы мындай болуға тиіс: 3,6 шақырым, биіктік 1000 м. - "Шымбұлақ" (2240 м) - N1 қанат бекеті (2900 м) - Шымбұлашқа шыңы (3200 м).

Бұл жарысқа 18 жастан асқан ниет білдірушілердің барлығы қатыса алады. Жастардың іріктеу сынына 15-17 жас аралығындағылар қатысуға құқылы. Ережені бұзбау үшін қатысушылар бағытты алдын-ала білулері қажет. Олар ауа-райына сай киінуі керек.