Тағы 40 мектепке "Шахмат" пəні енгізіледі

22.05.2019, Оқылғаны: 134
"Шахмат мектептерде" бағдарламасын енгізу конкурсында республикамыздың 40 орта мектеп жеңімпаз болып танылды. Енді 1 қыркүйектен бастап,  сол оқу орындарында Қазақстан шахмат федерациясының əдістемелік оқулықтары бойынша арнайы сабақтар жүргізіледі.

"Конкурсқа 11 өтініш түсіп, эксперттік кеңес солардың барлығын мұқият қарады- дейді жоба менеджері Салтанат Ноғайбаланова. - Жүлде қорын ноутбуктер, дыбыс шығарғыштар, проектарлар, МФУ, шахмат тақталары, шахмат тастары, сағаттар жəне көрсетілім құралдары құрады. Сонымен қоса, мектептер Қазақстан шахмат федерациясы бастауыш сынып оқушыларына арнап құрастырған оқу бағдарламасы мен əдістемелік оқулықтар алады".

Бүгінгі таңда осы бағдарлама Алматы, Павлодар, Қызылорда жəне Шымкенттің 44 мектебінде жүзеге асырылуда. Ол жерлерде 2 мыңнан аса оқушы тəлім алуда. Осы спор түрін дұрыс меңгеру үшін 85 бапкер мен 41 психолог білімдерін жетілдірді. Шахматтың балаларғы ықпал ету бағасы 22 мектепте анықталып, оған 1700-ден аса бастауыш сынып оқушылары қатысты.

"Шахмат мектепте" бағдарламасы - біздің федерацияның басым бағыттарының бірі, - дейді  Қазақстан шахмат федерациясының атқарушы директоры Ирина Грищенко. - Жаңа оқу жылы қарсаңында бұл бағдарлама Қазақстанның 34 қаласы мен ауылдарындағы 84 мектепте жұмыс істейді. Ең қуаныштысы, бұл конкурс республикамыздың барлық облысын қамтыды".

Конкурста түрлі өңірлердегі 30 қала мен ауыл мектептерінің жеңіске жеткенін айтқан абзал. Солардың қатарында Көкшетау, Ақтөбе, Темір, Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Жезқазған, Қарағанды, Қарқаралы, Теміртау, Қостанай, Қызылорда, Ақтау, Екібастұз, Петропавловск, Арыс жəне одан бөлек тағы бірнеше ауылдар бар.
ҚШФ бас серіктесі - "Самұрық-Қазына" Ұлттық əл-ауқаты қоры" АҚ.

Əлеуметтік серіктес - "Samruk-Kazyna Trust" əлеуметтік жобалардың даму қоры.
Бас демеуші - "Қазақстан шахмат федерациясы" РҚБ - академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым-жалпы білім беру қоры