ММА: Шавқат Рахмонов Тиаго Варежаомен айқасады

23.05.2019, Оқылғаны: 176
Ережесіз жекпе-жектен М-1 Global нұсқасы бойынша чемпиондық атақтың иегері, өзіміздің қандасымыз Шавқат Рахмонов өзінің кезекті кездесуін 28 маусымда Нұр-Сұлтанда өтетін M-1 Challenge 102 турнирінде қорғайды.
 
Осы күнге дейін 11 рет айқас алаңына шығып, барлығында жеңіске жеткен жерлесіміз 30 наурызда Алматыда өткен турнирде ресейлік Данила Приказаны екінші раундта техникалық нокаутпен ұтып, айтулы нұсқаның алтын белбеуін иеленген еді. Енді Шавқат өз атағын қорғау үшін күш сынасады.  


 

Нұр-Сұлтандағы жарыста Рахмонов бразилиялық Тиаго Варежаомен айқасады. Ол өте тәжірибелі спортшы. Оңтүстік Америкадан келетін оғлан осы күнге дейін 34 кездесу өткізіп, 27 мәрте жеңіске жетті. Оның 22-ісінде айқын басымдық танытты. 6 рет ұтылып, тағы бір бәсеке тең аяқталды.

Шавқат Рахмонов үшін осы жекпе-жекте жеңіске жету өте маңызды. Егер жерлесіміз үшін бәсеке ойдағыдай аяқталатын болса, онда оған ең әйгілі промоушен – UFC-ге даңғыл жол ашылады.