Данияр Елеусінов жекпе-жекке шығады

24.05.2019, Оқылғаны: 159
Matchroom деп аталатын британиялық промоутерлік компания Данияр Елеусіновтің қай кезде жекпе-жекке шығатынын жария етті.

28 жастағы қазақстандық боксшы АҚШ-тың Оксон-Хилл (Мэриленд) қаласында WBC international нұсқасының алтын белбеуінің иегері америкалық Девин Хэйни (21-0, 13 КО)  мен мексикалық Антонио Моран (24-3, 17 КО) арасында басты бəсеке өтетін бокс кешінде айқасады. Нұр-Сұлтан уақыты бойынша бұл жарыс мамырдың 25-сінен 26-сына қараған түнде өтеді.

Елеусіновтің қарсыласы Мигель Замудио (43-12-1, 27 КО) атануға тиіс еді. Алайда оны Мэрилендтің атлетикалық комиссиясы жарамсыз деп тапты. Енді қандасымыздың кіммен айқасаты кейін белгілі болады.
Данияр Елеусінов кəсіпқой рингте 2018 жылдың сəуір айынан бері күш сынасып жүр. Бұл оның АҚШ-тағы төртінші айқасы. Оған дейін жерлесіміз екі рет Ұлыбританияда жəне бір рет Монакода өнер көрсетті.