РСК-ге жаңа құрал-жабдықтар берілді

27.05.2019, Оқылғаны: 81
Республикалық спорт колледжіндже өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумге қол қойылды. Сол жерде қаладағы үшінші семсерлесу залы орналасқан. Алматы қаласы әкімдігінің арқасында колледж заман талабына сай жаңа құрал-жабдықтармен қамтымасыз етілді. 
 
 Біз спортты сүйеміз. Алматы қаласы әкімдігі мен семсерлесу федерациясының қолдауының  арқасында бізде осындай кермет залдар пайда болуда. Сіздердің Олимпиада және әлем чемпиондары болуларыңызға мен шын жүректен тілектеспін. Ақ жол!», – дейді спортшылармен кездескен ҚР ҰОК бас хатшысы Сәкен Мұсайбеков.

Семсерлесу бөлімшесі 2001 жылдан бері жұмыс істеп келеді, – дейді РСК-нің директоры Амалбек Тшан. – Сол уақыттан бері біздің залда 150 спорт шебері тәрбиеленді. 50-ге жуық шәкіртіміз құрлық біріншілігінде жүлде алды. Сөз орайы келгенде, Спорт басқармасының бастығы Рустем Байсейітовтің осы оқу ордасының түлегі екенін айта кеткен абзал. Ал қазіргі кезде біз ортақ мақсатқа жұмылып, Қазақстан спортын көтеру үшін еңбек етіп жүрміз.   

Спорт басқармасы қала инфрақұрылымын зерттеу мақсатында жүйелі түрде жұмыстар жүргізуде. Мен осы колледждің түлегі ретінде семсерлесушілер үшін жаңа мұмкіндіктер ашылып жатқанына өте ризамын. Дәп осы медальдар көп таратылатын спорт түріне біз үлкен сенім артып отырмыз. Қазіргі кезде басқарма семсерлесу федерациясы және республикалық спорт колледжбен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуде. Алматы республикамыздың семсерлесу орталығына айналатынына мен сенімдімін, – деп Рустем Байсейітов тіл қатты.   

 

Заман талабына сай жабдықтарды енді қаланың семсерлесушілері пайдаланатын болады.