Алматылықтардың қос жеңісі

27.05.2019, Оқылғаны: 198
24-26 мамырда Алматыда жағажай волейболынан ұлттық біріншіліктің алғашқы тур ойындары өтті. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарыстарда Алматы қаласының өкілдері бас жүлдені олжалады.

Айтулы додаға әйелдер арасындағы еліміздің ең үздік жұбы – Татьяна Машкова мен Ирина Цимбалова қатысқан жоқ. Сол себепті де алтын тұғыр үшін тартыс «Алматы» мен «Каспий» (Ақтау) волейбол клубы өкілдері арасында өтті. Айтулы командалардың қос жұбы жартылай финалға дейін жетті. Сенбі күні Таңсұлу Қайырбекова мен Айғаным Смағұл Алена Чугайнова мен Дана Шыңғысованы ұтса, Мадина Өтеулина мен Елизавета  Еропкина Анастасия Уколова мен Дана Рубилкодан басым түсті.

Үшінші орын үшін бәсекеде Ақтаудың қос командасы күш сынасты. Бұл тартыс Анастасия Уколова мен Дана Рубилконың пайдасына шешілді. Финалда алматылықтар кездесті. Бұл ойында Таңсұлу Қайырбекова мен Айғаным Смағұлдың бағы жанды.



Ерлер арасында «Буревестниктің» ойыншылары – Кирилл Гурин мен Нұрдос Алдаштың асығы алшысынан түссе, финалда республикамыздың ең үздіктері – Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко ақтаулық Александр Бабичев пен Алексей Кулешовты қапы қалдырды.
Сөйтіп, алты жүлделі орынның төртеуін Алматы қаласының жағажай волейболшылары иеленді. Енді ел бірінішілігінің келесі туры маусым айының соңында Ақтауда өтеді.