«Қазақстан Ралли - 2019» ралли-рейдінің алғашқы жарыс күні аяқталды.

28.05.2019, Оқылғаны: 207
Бастапқы сайыстардың нəтижесі бойынша катарлық Нассер Сəлех əл-Аттия озды. Екінші орынды былтырғы жылғы осы доданың жеңімпазы саудиялық Язид əл-Раджи иеленді.  Үшінші сатыға  польшалық Якуб Пшигонски жайғасты.  «Ралли Қазақстан 2019» додасының алғашқы күнгі қашықтығы 280 шақырымды құрады.

Toyota Hilux Overdrive көлігін тізгіндеген қазақстандық кезеңнің фавориттерінің бірі, "Дакар" раллиінің соңғы жеңімпазы
ОНассер Салех əл-Аттия (Nasser Al-Attiya Team) штурман Матье Бомелмен бірге мəреге дейін алдарына жан салмай келді. Дəл сондай маркалы көлікке мінген «Ралли Қазақстан 2018» жарысында топ жарған Язид Аль-Раджи (Overdrive Racing) мықтыларға кəдімгідей  қарсылық көрсетті. Əлем кубогының иегері Якуб Пшигонски (Orlen X-raid Team) Mini John Cooper үшінші орынды қанағат тұтты. Ал биылғы əлем кубогының жалпы есебінің алдыңғы легінде келе жатқандардың бірі
Стефан Петерансельдің (X-raid MINI JCW Team)  MiniJohn Cooper Works Rally көлігі дөңгелегінің жарылуына байланысты сегізінші орында қалып қойды. Одан кейінгі сатыға қазақстандық «OFF ROAD Kazakhstan» командасының сақа спортшысы Андрей Чередников өзінің штурманы Игнат Фальковпен тұрақтады.
 
Т2 бəсекесінде катарлық Мұхаммед əл-Миира (Mohhamed Nasser Almeer) топ жарды. Бразилиялық Рейналдо Варела (MONSTER Energy Сan-Am) Т3 сайысында теңдессіз деп танылды. Жүк көліктері жарысында «Камаз-мастердің» мүшесі ресейлік Дмитрий Сотников ешкімге дес бермеді.
 
Екінші күнгі жарыс жолы шөлді жерлер арқылы өтіп Кендірліде  мəреге жетеді.