«Алматылық легион» ел чемпионатында үшінші орын алды

29.05.2019, Оқылғаны: 173
Алматыда Ұлттық баскетбол лигасының үшінші орын үшін бəсекесінде «Алматылық легионмен» Қостанайдың «Тобылы» күш сынасты.

Қостанайда өткен матчта жергілікті клуб бір ұпай айырмашылығымен жеңген еді. Қарымта кездесудің басында алматылықтар алға шығып, бірінші кезеңді екі ұпай артықшылығымен аяқтады. Екінші кезеңде алаң иелерінің басымдығы бір ұпайды құрады. Одан кейін жергілікті баскетболшылар қарқынын күшейтті. Үшінші кезеңде олар 11 ұпай ұзап, нəтижесінде матч 89:76 есебімен аяқталды. Осылайша, «Алматылық легион» ел чемпионатының қола медалін иеленді.
 
Нұр-Сұлтанда чемпиондық атақтың иегері анықталды. Бұл кездесулердің екеуін де  өз пайдасына шешкен «Астана» алтын алса, «Атырау Барыстары» күміспен күптелді.