Қарқарада жарыс өтеді

31.05.2019, Оқылғаны: 71
22-23 маусым аралығында Қырғызстанның Ыстықкөл облысы аумағында орналасқан Шар Құдық шатқалында халықаралық желаяқтар жарысы өтеді. "Tien Shan Trail Race" марафонына кəсіпқойлар мен əуесқойлар да қатыса алады. Бəсекелер 42, 21, 10 жəне қашықтықтар бойынша өтеді.
 
Əр жылдары алматылықтар осы жарысқа көптеп қатысуда. Биыл да олар Орталық Хан-Тəңірінің 2200 метрлік биіктігінде орналасқан "Қарқара" лагерінде бас қосты.


 
Жарыстың басты мақсаты - тау туризмі мен салауатты өмір салтын насихаттау, спорттық жəне туристік байланысты халықаралық деңгейде нығайту, тау туризімінің ең үздік атлеттерін анықтау жəне шетелдік спортшылар мен туристерді осы додаға көптеп тарту.
Тіркелу Ак-Sai.com caйты бойынша жүргізіледі.