Балалар күніне арналған жарыс

03.06.2019, Оқылғаны: 166
"Алматы-марафонын" ұйымдастырушылар Атакенттің аумағында балалар арасында жүгіруден жарыс өткізді. 1 маусымда өткен дода олардың есінде қалатыны анық. 

Танымал фитнесс-жаттықтырушы Уəлихан Тен жəне оның көмекшілері ата-аналар  мен балалар арасында дене қыздыру жаттығуын өткізгеннен соң бүлдіршіндерді жарыс жолына шығарды. Əкелер, аналар, апалар мен аталардың қуанышында шек болмады. Балалар да мəз. Бəрінің алдына шыққан "Алматы-марафонының" директоры Салтанат Қазыбаева барлық адамдардан жас ұрпаққа жол беруді өтінді. Түрлі жастағы балалар мəреге бірінен кейін бірі жетті. Сол күнгі таңертеңгілік уақыт өте қызықты өтті. Мерекелеріңізбен!